Атырауда «Кітап оқитын ұлт» жобалық кеңсесі жұмысын бастады

Бүгін Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында кеңсенің алғашқы отырысы өтті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Жиынға кітапхана, білім беру, жастар саясаты және мемлекеттік қызмет саласының өкілдері қатысты. Олар жобаны өңірде жүзеге асырудың негізгі бағыттарын айқындап, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарын талқылады.

«Кітап оқитын ұлт» жобасының негізгі мақсаты – қоғамның әртүрлі ортасында тұрақты кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және оқырмандар қатарын кеңейту.

—Өңірлік жобалық кеңсе осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеп, кітапханалар, білім беру ұйымдары, жастар қауымдастықтары мен мемлекеттік мекемелердің өзара байланысын күшейтуге мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта кітап оқу мәдениетін насихаттауға бағытталған түрлі кездесулер, пікірталастар, оқу клубтары және басқа да жобалар ұйымдастыру жоспарланып отыр, - деді жобалық кеңсе басшысы Нұржан Өмірбай.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT