Атырауда «Қазыналы Каспий» халықаралық фестивалі өтеді

17 маусым күні Атырау қаласында «Қазыналы Каспий» халықаралық фестивалі өтеді. Іс-шара Каспий маңы елдері арасындағы балық шаруашылығы, акваөсіру және ғылыми ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Фестиваль аясында форум, балық өнімдерінің көрмесі, өндіріс орындарына таныстыру сапарлары, акваөсіру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Сондай-ақ Жастар саябағында балық өнімдерінің жәрмеңкесі, гастрофестиваль, аспаздар байқауы, шығармашылық шаралар, бекіре шабақтарын Жайық өзеніне жіберу рәсімі және кемелер шеруі өтеді.

Халықаралық шараға Ресей, Иран және Әзербайжан елдерінен келген сала сарапшылары, ғалымдар мен кәсіпкерлер қатысып, Каспий өңіріндегі балық шаруашылығының өзекті мәселелерін талқылайды. Фестиваль Каспий маңы мемлекеттері арасындағы тәжірибе алмасу мен әріптестікті нығайтуға мүмкіндік береді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT