Атырауда футбол жанкүйерлеріне есірткінің зияны түсіндірілді

25 қазан күні «Судоремонтник» стадионында «Атырау» және «Ертіс» командалары арасында Қазақстан Премьер-лигасының матчы өтті.

Матчты 3000-нан астам жанкүйер тамашалады. Полиция қызметкерлері көрермендер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, есірткіге қатысты заңнама талаптарын, оның зияны мен құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын түсіндірді.

 Спортты таңда, салауатты өмір салтын ұстан! 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT