*3-4 қазан* күндері Атырау қаласында «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңке *«Сарайшық» коммуналдық базары, «Мұнайшы» стадионының алдындағы алаңда* ұйымдастырылады.
Іс-шараның мақсаты – отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау, фермерлерге өз өнімдерін тұтынушыларға тікелей ұсынуға мүмкіндік жасау және халықтың маусымдық өнімдерге қолжетімділігін арттыру.
Жәрмеңкеде Атырау облысының ауыл шаруашылығы өндірушілері мен кәсіпкерлерінің өнімдері ұсынылады. Келушілер ет және сүт өнімдерін, балық, көкөніс, жеміс-жидек және басқа да маусымдық ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып ала алады.
«Дала дәмі» – тек сауда орны емес, сонымен қатар тұрғындар үшін отбасымен бірге уақыт өткізуге арналған қоғамдық кеңістік. Жәрмеңке барысында ұлттық нақыштағы безендіру элементтері, өнімдердің дәмін тату, шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуі және отбасылық іс-шаралар ұйымдастыру көзделген.
Жәрмеңке бірыңғай заманауи форматта өткізіліп, сауда арнайы жабдықталған орындарда ұйымдастырылады. Бұл отандық өнімді заманауи әрі тартымды түрде таныстыруға мүмкіндік береді.
Атырау тұрғындары мен қала қонақтарын «Дала дәмі» жәрмеңкесіне шақырамыз!
📅 3-4 қазан 2026 жыл, 08:00 ден 13:00 ге дейін.
📍 Атырау қаласы, «Сарайшық» коммуналдық базары, «Мұнайшы» стадионының алдындағы алаң



