Атырауда Айт намазы оқылды

Атырау облысы бойынша барлық мешіттерде Айт намазы таңғы 6.30-да оқылды. Одан әрі мешіттерде Құрбан айт мерекесіне байланысты, арнайы іс-шаралар жалғасын тапты.

Қазіргі уақытта бір ғана Атырау қаласында құрбан шалуға арналған үш орын бекітілген. «Асыл агро», «Адал» базарлары және «Иманғали», Қажымұқан Мұңайтпасов, Құспан молла мешіттеріндегі қасапханада құрбан шалу рәсімі жалғасуда. Сонымен бірге, QURBAN 2026 сайты арқылы, онлайн форматта құрбан шалуға болады.

Қазіргі уақытта облыс мешіттері 1000-нан астам мұқтаж отбасын құрбан малының етімен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. 

Еске сала кетелік, құрбан шалу 27 мамыр күні Айт намазы оқылғаннан кейін басталады. Және 28, 29 мамыр күндері екінті намазына дейін жалғасады. Шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! 

Баян Жанұзақова

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT