14–16 қыркүйек аралығында Атырау облысының аумағында «Абайлаңыз, жаяу жүргінші!» жедел-профилактикалық акциясы өткізілуде.
Акцияның негізгі мақсаты – жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы мәдениетін арттыру және барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Шара барысында жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге жол беруі, ал жаяу жүргіншілердің жолды тек белгіленген жерлерден кесіп өтуі басты назарда. Сонымен қатар, тұрғындар арасында жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Құрметті тұрғындар мен қала қонақтары! Жол ережесін сақтап, өз қауіпсіздігімізге жауапкершілікпен қарайық. Жолдағы мәдениет пен қауіпсіздікті бірге қалыптастырайық!




