Атырауда Абай мұражайы мен «Абайтану» үйірмесі ашылды

Мұражай экспозициясына Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты сирек жәдігерлер, кітаптар және құнды деректер қойылған.

Ал заманауи «Абайтану» кабинеті оқушылардың ғылыми-зерттеу және жобалық жұмыстармен айналысуына мүмкіндік береді.

 

Шара барысында орталық фойесінде ұйымдастырылған «Тобықты ауылы» этно-ауылында қазақтың салт-дәстүрі мен қонақжайлығы көрсетіліп, Абай өмір сүрген дәуірдің тынысын танытатын театрландырылған көріністер ұсынылды.

 

Мұражайдың ашылу рәсімінен кейін қонақтар экспозициялармен танысып, Абайдың өмірі, шығармашылығы, отбасы, қоғамдық қызметі және рухани мұрасы туралы кеңінен мағлұмат алды.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT