Атырауда 4 сауда орнында кітап нүктелері ашылады

Атырауда кітап оқу мәдениетін дамыту бағытында нақты қадамдар да жасалуда. Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебат кітапханасында өтіп жатқан іс-шарада Атырау қаласындағы ірі сауда орталықтарында арнайы кітап бұрыштарын ашу туралы меморандумға қол қойылды.      

   

Бұл бастама кітапты күнделікті өмірге жақындатып, оны тек кітапхана аясында ғана емес, қоғамдық кеңістіктерде де қолжетімді етуге бағытталған. Руханият өкілдерінің айтуынша, мұндай тәсіл әсіресе жастардың кітапқа қызығушылығын арттыруға оң әсер етеді.                                                                       

Сонымен қатар, облыста алғаш рет республикалық баспалардың қатысуымен кең ауқымды кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылмақ. Бұл оқырмандар үшін жаңа туындылармен танысуға үлкен мүмкіндік береді.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Суреттерді түсірген: Тоғжан ЕРМЕК

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT