Атырау жастар театры Астана сахнасында өнер көрсетті

Астанада өтіп жатқан Atyrau Creative Days креативті жәрмеңкесі аясында Атырау жастар театрының концерті ұйымдастырылды.

Шара музыкалық бағдарламамен басталып, “Ақерке - АқЖайық» әнін орындады. Сондай-ақ Абай шығармаларынан попурри орындалып, көрермен назарына «Еділ мен Жайық» музыкалық қойылымынан үзінді ұсынылды.

Кештің ерекше бөлігінің бірі — «Show. Кастинг» спектаклі болды. Театр ұжымы сахналық қойылым арқылы көрерменге түрлі эмоция сыйлап, залдағы көңіл-күйді көтерді.

 

Өнер кешінде ән мен театр үндесіп, көрермендер қойылымдарға белсенді қолдау көрсетті. Астана тұрғындары мен қонақтары әнге қосылып, қол соғып, би билеп, атыраулық өнерпаздарға қошемет білдірді.

 

Айта кетейік, Atyrau Creative Days — Атырау облысының шығармашылық өкілдерін елорда жұртшылығына таныстыратын креативті алаң. Жәрмеңке аясында сән, музыка, театр, қолөнер және басқа да шығармашылық бағыттар ұсынылуда.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT