Атырау облысында жаппай бейнебақылау кешені іске қосылды

 Өңірде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаппай бейнебақылау жұмыс істей бастады.

 Жүйе жылдамдықты, оның ішінде орташа жылдамдықты асыру, қауіпсіздік белдігін тақпау, көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану және жол белгілері талаптарын бұзу деректерін анықтайды.

 Енді камераға жақындағанда ғана жылдамдықты төмендету жеткіліксіз. Жүйе екі бақылау нүктесінің арасындағы орташа жылдамдықты есептейді.

 Басты мақсат – жүргізушілерді жазалау емес, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және адам өмірін қорғау!

Жол қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!

 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT