Жылыой ауданында су тасқынына дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жем өзені мен Құрсай арналарының 95 шақырымын тереңдету жұмыстары толық аяқталды.
68,8 шақырым бөгетті нығайту жұмыстарының 79 пайызы орындалған.
Қаңтар айынан бастап жедел штаб құрылып, өзен бойында кезекшілік ұйымдастырылған.
Махамбет ауданында су тасқынына қарсы жұмыстар жүйелі жүргізілуде.
29,9 шақырым бөгет нығайтылып, 12,4 шақырым жаңа бөгет салынды.
Ауылдағы 4,5 шақырым жағалауды бекіту жұмыстары аяқталуға жақын.
Қазіргі таңда жұмыстардың 95 пайызы орындалған.
Құрманғазы ауданында Қиғаш өзені бойында қорғаныс жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы ұзындығы 9,1 шақырым жағалауды нығайту жоспарланған.
Дыңғызыл мен Көптоғай ауылдарында жұмыстар толық аяқталды.
Ал Шортанбай ауылында 85 пайыз орындалған.
Қызылқоға ауданында су тасқынына дайындық жалғасуда. Өткен жылы 28 шақырым бөгет нығайтылған.
Миялы ауылында Ойыл өзенін тереңдету жұмыстары жүргізілуде.



