Атырау облысында Құрылтай депутаттарын сайлау басталды

Бүгін, 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Атырау облысындағы сайлау учаскелері сағат 07:00-де ашылып, дауыс беру басталды.

Сайлау науқанына дайындық барысында облыста сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесіне қатысушыларды оқытуға ерекше мән берілді. Дайындық кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелеріне 42 семинар, ал сайлау процесіне қатысушыларға 8 семинар өткізілді.

Жалпы облыс бойынша 2101 сайлау комиссиясының мүшесі электоралдық оқумен қамтылды.

Оқу семинарларында сайлау заңнамасының талаптары, комиссия мүшелерінің өкілеттіктері, дауыс беру күні атқарылатын жұмыстар, сайлау құжаттарын рәсімдеу тәртібі және өзге де практикалық мәселелер түсіндірілді. Сондай-ақ сайлау процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты мәселелер қаралды.

Сайлау учаскелеріндегі жұмыс заңдылық, алқалылық, жариялылық және ашықтық қағидаттары негізінде ұйымдастырылады. Комиссия мүшелері дауыс беру рәсімдерін заңнама талаптарына сәйкес өткізуге және азаматтардың сайлау құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге дайын.

Майра ЕРҒАЛИ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT