Ата Заң – әділетті қоғамның негізі

Конституция – еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін маңызды құжат.

Оның басты ерекшелігі – барлық азаматтың заң алдында теңдігін бекітіп, әр адамның құқығы мен бостандығына кепілдік беруі. 

Әділетті қоғам қалыптастыру үшін ең алдымен заңға деген құрмет болуы керек. Заң бәріне ортақ болған жағдайда ғана қоғамда тәртіп орнап, адамдардың мемлекетке деген сенімі артады.Әрбір қазақстандық Конституцияда белгіленген талаптарды жақсы білуі тиіс. Өйткені өз құқығын білетін адам өзіне де, айналасына да жауапкершілікпен қарайды. Сонымен қатар заң талаптарын бұзбау, өзгенің құқығына қол сұқпау, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау – азаматтық мәдениеттің белгісі. Біз балаларымызды да кішкентай кезінен заңды құрметтеуге, үлкенді сыйлауға, Отанын сүюге тәрбиелеуіміз қажет. Себебі елдің ертеңі – бүгінгі ұрпақтың қолында. 

Ақгүл Кетебаева

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT