Конституцияны мемлекетіміздің құқықтық негізін қалыптастыратын, халықтың мүддесін қорғайтын маңызды құжат деп есептеймін.
Себебі онда әрбір азаматтың өмір сүру, білім алу, еңбек ету, медициналық көмек алу және өз пікірін білдіру құқықтары айқындалған. Бұл – адам өміріндегі ең маңызды құндылықтар.
Бүгінгі таңда қоғамның дамуы үшін заң талаптарын сақтау ерекше маңызға ие. Қандай салада болмасын, заңдылық пен тәртіп болуы керек. Азаматтар өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, қоғамдық тәртіпті сақтап, айналасындағы адамдардың құқықтарына құрметпен қараса, қоғамда өзара сенім мен сыйластық қалыптасады.
Сонымен қатар, Конституция әрбі онымен қатар Конституция әрбір азаматқа мемлекет алдындағы жауапкершілігін де жүктейді. Біз еліміздің болашағына бейжай қарамай, адал еңбек етіп, балаларымызға дұрыс тәрбие беріп, қоғамның дамуына үлес қосуымыз қажет. Әсіресе заң мен тәртіп қағидаларын күнделікті өмірде ұстану – өркениетті қоғамның белгісі.
Дана Баймағанбетова




