Конституция – еліміздегі қоғамдық қатынастарды реттейтін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын басты заң.
Оның қоғам өміріндегі орны ерекше. Себебі заң үстемдік еткен мемлекетте әділдік, тәртіп, өзара құрмет пен жауапкершілік қалыптасады. Әрбір азаматтың заң алдында тең болуы – әділетті қоғам құрудың негізгі қағидаларының бірі.
Конституцияны құрметтеу тек заң талаптарын орындаумен шектелмейді. Ол – өз құқығымызды білу, міндеттерімізді адал атқару, қоғамдық тәртіпті сақтау және айналамыздағы адамдарға құрметпен қарау. Күнделікті өмірде заң талаптарын орындап, қоғам игілігі үшін еңбек ету арқылы біз еліміздің дамуына үлес қоса аламыз.
Сонымен қатар азаматтардыңқұқықтық сауаттылығын арттырудың маңызы зор. Әр адам өз құқығын біліп, қандай жағдайда қандай міндеттерді орындау керектігін түсінуі қажет. Құқықтық мәдениеті жоғары қоғамда заң бұзушылықтың алдын алуға, адамдар арасындағы сенімді нығайтуға және қоғамдық келісімді сақтауға мүмкіндік мол болады. Ата Заңымызды құрметтеп, оның қағидаларын күнделікті өмірде басшылыққа алу – әрбір азаматтың парызы. Заң үстемдік еткен, азаматтары жауапты әрі бірлігі жарасқан мемлекет қана биік белестерді бағындыра алады.
Жандарбек Дүйсенбеков




