Ата-заң азаматтардың құқығы мен бостандығының кепілі

Әрбір азаматтың еркін өмір сүріп, білім алып, еңбек етіп, өз қабілетін жүзеге асыруы үшін оның құқықтары заңмен қорғалуы қажет.

Қазақстан Республикасының Конституциясы осы құқықтар мен бостандықтардың негізгі кепілі болып саналады. Ата Заң адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің басты құндылықтары ретінде айқындайды.

Конституцияда бекітілген құқықтар әр адамның қоғамдағы орнын сезінуіне, өз ойын еркін білдіруіне және заң аясында әрекет етуіне мүмкіндік береді. Сонымен бірге құқықпен қатар міндет те бар екенін ұмытпауымыз керек. Заңды сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, өзге адамдардың ар-намысы мен құқығына құрметпен қарау — әр азаматтың ортақ жауапкершілігі.

Құқықтық сауаттылықты арттыру бүгінгі қоғам үшін ерекше маңызды. Өз құқығын білетін адам заңсыздыққа бейжай қарамайды, ал өз міндетін түсінетін азамат қоғамдық тұрақтылықтың сақталуына үлес қосады. Сондықтан Конституцияны білу тек мамандарға ғана емес, әрбір қазақстандыққа қажет. Ата Заңға құрмет — өз құқығыңды қорғаудан және өзгенің құқығын мойындаудан басталады.

 

Мәдина Қайыржанова

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT