Асылхан Төлепов: Әр азаматтың таланты – еліміздің басты байлығы

Бүгін Ақтөбеде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бастаған Жалпыұлттық коалиция мүшелері өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде өткен жиында театр және кино актері Асылхан Төлепов әр азаматтың өнері, таланты – еліміздің басты байлығы ретінде мойындалуы маңызды екенін атап өтті.

«Жаңа Конституция жобасында мәдениет, білім, ғылым және инновациялар негізгі құндылық ретінде айқындалды», – деді ол.

 

Асылхан Төлепов жастарға жаңа Конституцияның әр тармағымен мұқият танысып, 15 наурызда өтетін референдумда өз еркімен дауыс беруге шақырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

AQPARATPRINT