Атырау облысының балығы, еті, сүт өнімдері, көкөністері және басқа да тауарлары 19 қыркүйекте Астанада жұмысын бастаған өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде ұсынылды.
Жәрмеңкеде мұнайлы өлкенің атынан 30-дан астам өндіруші қатысуда. Әкелінген өнімдердің басым бөлігін балық өнімдері құрайды – шамамен 40 тонна.
Сонымен қатар, атыраулық өндірушілер елордаға 1,5 тоннадан астам сүт өнімдерін және 5 тоннаға жуық ет өнімдерін жеткізді. Атырау облысымен қатар, осы демалыс күндері елордада Қызылорда облысының да ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылуда.
Жәрмеңке елордалық «Қазанат» ипподромының автотұрағында өтуде. 20 қыркүйекте Астана тұрғындары мен қонақтары өңір өндірушілерінің өнімдерін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін сатып ала алады.




