АСТАНА. KAZINFORM — 2 маусымнан бастап Air Astana әуекомпаниясы Астана — Ларнака бағыты бойынша тікелей рейстерді іске қосты. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының баспасөз қызметі мәлім етті.
— Ұшу бағдарламасы 2026 жылдың қыркүйек айына дейін жалғасады. Ұшу уақыты шамамен 5–6 сағатты құрайды. Жаңа бағыт жолаушыларға Жерорта теңізі жағалауындағы танымал курорттардың біріне ыңғайлы әрі жайлы сапар жасауға мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.



