Асхат Аймағамбетов: «Мәдениет дегеніміз – ұлттық код»

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов бастаған коалиция өкілдері академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде кездесу өткізді. Жиында Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жаңа Ата Заңдағы мәдениеттің алар орны туралы пікір білдірді. 

«Жаңа Конституция мәтінінде Преамбуладан бастап, білім, ғылым инновация, сонымен қатар мәдениет еліміздің ең негізгі басымдығы ретінде алғаш рет жазылып отыр. Жасыратыны жоқ, біз көбінесе мәдениетті концерт, әлде театр, міне осы шеңберде ғана қабылдадық. Бірақ бұл дұрыс емес. Себебі мәдениет дегеніміз – ол ұлттың бірегейлігі, ұлттық код», – деді депутат.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

Референдум 2026