«Ашық есік күні»: БЖЗҚ жаңа инвестициялық портал ұсынады

2026 жылғы 28 сәуірде БЖЗҚ барлық ниет білдірушілерді "Ашық есік күні" дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады, онда Қор мамандары invest.enpf.kz жаңа инвестициялық порталы және ол арқылы салымшылардыңқандай мүмкіндіктерге ие болатыны туралы алғаш рет егжей-тегжейлі айтып береді.

Кездесу барысында сіз келесі мәліметтермен таныса аласыз:

•  платформа қалай жұмыс істейді;

•  зейнетақы активтерін инвестициялау жүйесінің құрылымы қандай;

•  инвестициялық көрсеткіштерді қалай талдап, стратегияларды қалай салыстыруға болады;

•  басқарушыны таңдағанда неге назар аудару керек;

•  өз мүмкіндіктеріңізді саралау үшін invest.enpf.kz порталын қалай пайдалануға болады;

•  салымшылардың болашақ зейнетақыға әсер ету үшін қандай нақты құралдары бар.

Қатысушылар өздерін қызықтырған кез-келген сауалдарға Қор мамандарынан түсініктемелер, сондай-ақ жеке кеңестер ала алады.

«Ашық есік күні» 2026 жылдың 28 сәуірі күні 3 сессияда сағат: 10:00, 11:30, 15:00 онлайн-форматта өтеді.

Іс-шараға қатысу үшін сілтеме https://enpf.webex.com/weblink/register/r55d35588d5d990d04a32dc4c9d25e6af бойынша өту қажет. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2512 817 9655 және event-кеңестің құпиясөзін 12345енгізіңіз.

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді күтеді!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT