«Архив – халық мұрасы»

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті 2022 жылғы 26 тамыздағы Архив мекемелерімен республикалық кеңес хаттамасының 4-тармағына және 2022 жылғы 5 қыркүйектегі Тұжырымдамаға сәйкес, жыл сайын 21 қыркүйекте «Архив және болашақ ұрпақ» жобасын іске асыру туралы шешім қабылдаған болатын.

Аталған шараның мақсаты – архив саласының имиджін арттыру, өскелең ұрпаққа тарих пен салт-дәстүрді насихаттау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және архив құжаттарымен таныстыру арқылы ел тарихын дәріптеу.

Осы жобаны жүзеге асыру мақсатында, Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасы «Атырау облысы мемлекеттік архиві» КММ-нің бастамасымен аудандық филиалда «Архив – халық мұрасы» тақырыбында кезекті «Ашық есік күні» өтті.

 Шараға аудандық білім бөліміне қарасты №5, №8 және №20 мектептерден 80-нен астам жоғары сынып оқушысы мен олардың жетекшілері қатысты.

Кездесу барысында өскелең ұрпаққа ауданның архив ісі, Тәуелсіз Қазақстан тарихы, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлерінің ерен еңбегі мен ерліктері туралы баяндалды. Сонымен қатар «Ашық есік» күні аясында архив қызметінің негізгі бағыттары бойынша танымдық экскурсиялар ұйымдастырылып, фотоқұжаттық экспозициялар мен көрмелер таныстырылды.

Өз тілшіміз

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT