І дәрежелі еңбек ардагері, Жылыой ауданының Құрметті азаматы Қайнолов Жолдығали №7 Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте орналасқан №95 референдум учаскесіне келіп, өз дауысын берді.
Ардагер ел болашағына бейжай қарамау әр азаматтың парызы екенін айтып, жастарды да қоғамдық маңызы бар науқандарға белсенді қатысуға шақырды. Еңбек ардагерінің айтуынша, елдің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында.



