Өскемен қаласындағы «Ана мен бала» орталығында денсаулық сақтау саласының өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдайтынын білдірді. Кездесу барысында азаматтардың денсаулығын қорғау, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сақтау, медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған маңызды өзгерістер жан-жақты талқыланды.
Жаңа Конституция жобасының 32-бабында әрбір азаматтың денсаулығын қорғау құқығы нақты бекітіліп, медициналық көмекті заңда белгіленген көлемде алу кепілдігі сақталатыны көрсетілген. Бұл – ана мен бала денсаулығын қорғауға, медицина қызметкерлерінің қауіпсіз әрі тұрақты еңбек жағдайын қамтамасыз етуге берік негіз.
Медицина – тек бір саланың емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Адам өмірі мен денсаулығын ең жоғары құндылық ретінде айқындайтын жаңа Конституция – ел болашағы үшін маңызды қадам.
***
Жалпыұлттық коалицияның әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары 👇
• Threads
• TikTok
• YouTube
🖥 Сайт: https://referendum2026.kz/kz



