Алматының бизнес-қоғамдастығы да жаңа конституция мен референдумды қолдады

Алматыдағы құрылыс саласының өкілдері де жаңа конституция жобасы мен 15 наурызда өтетін алдағы референдумды қолдайтындарын білдірді. Қаладағы үлкен-үлкен құрылыс компаниялары өздерінің азаматтық ұстанымын жариялап, елдің одан әрі дамуы үшін тұрақтылықтың, құқықтық кепілдік пен жүйелі реформаның ауадай қажет екенін бірауыздан атап өтті.

Алғашқылардың бірі болып өз ұстанымын BUTA GROUP компаниясы білдірді. Ұжымда әр тұрғын үй кешенінің артында мыңдаған жұмысшының еңбегі тұрғанын, ал құрылыс саласының заңнаманың тұрақтылығы мен экономиканың орнықтылығына тікелей тәуелді екенін айтады.

«Біз баспана ғана емес, әлеуметтік сенімділік саламыз. Мемлекеттік реформалар – бұл жұмыстың болуын, үйдің уақытылы аяқталуын және заңның әр азаматтың қорғалуын қамтамасыз ететін ереже. Референдум – бұл тыныштық пен тәртіпті таңдайтын шақ», – дейді компания өкілдері.

RAMS QAZAQSTAN құрылыс компаниясы да  әлеуметтік жауапкершілікке аса мән береді. Компания өкілдерінің пікірінше, референдумға қатысу арқылы әр азамат болашақтың қандай боларына өзінше үлес қосады екен. 

«Елдің дамуы ашық диалогқа, жауапкершілік пен болашақты бірлесіп таңдауға негізделеді», – делінген компанияның мәлімдемесінде.

Hayat Construction Group құрылыс компаниясы да референдумды қолдайтынын мәлімдеді. Ұжым конституциядағы өзгеріс елдің даму бағытын айқындап, мемлекеттік институттарды нығайтатын маңызды қадам екеніне тоқталды.

«Бұл өзгерістер мемлекеттің даму стратегиясын айқындайды. Біз референдумға қатысуды әркімнің азаматтық борышы санаймыз», – деді.
KazSMU құрылыс компаниясында Негізгі заңның ел үшін символдық мәні бар екенін атап өтті.

«Мықты мемлекет берік іргетастан басталады. Негізі берік болса – болашағы да тұрақты болады. Біз тұрақтылық пен дамуды қолдаймыз», – дейді ұжым.

Dial Group пен Saba Group компаниясы да пікір білдірді. 

Компаниялар жаңа конституция жобасы азаматтардың құқығы мен жауапкершілігін нығайтып, ашық әрі әділ қоғам қалыптастыратынын айтады.

«Референдум – өз ойыңызды білдіретін мүмкіндік», – дейді бизнес өкілдері.

Осылайша, Алматының құрылыс қауымдастығы референдумға қатысып, конституцияны жаңарту идеясын қолдау төңірегінде бірлік танытты. Сала өкілдерінің айтуынша, бизнес ертенгі күнге деген сенімді болуы керек. Дәл осы қағидаттар жаңа жұмыс орнын ашып, жаңа жобаларды жүзеге асырып, қала мен елдің орнықты дамуына қолайлы орта қалыптастырады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

AQPARATPRINT