Жексенбі, таңғы 07:00 ден республикалық референдумға дауыс беру үшін тұрғындар келе бастады.
№96 сайлау учаскесінде дауыс беру салтанатты түрде өтіп жатыр. Тұрғындардың да көңіл-күйі жақсы.
Алғашқылардың бірі болып дауыс беруге келген тұрғын арнайы сыйлыққа ие болды.
Айта кетейік, ҚР-ның Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум аудан бойынша 24 учаскеде жүргізілуде.



