Алғашқы дауыс беруші

Бүгін таңғы сағат 07:00-де №9 жалпы орта білім беретін мектепте орналасқан №97 сайлау учаскесінде жаңа дауыс беру басталды.

Алғашқылардың бірі болып 85 жастағы аудан тұрғыны Дүйсәлі Қалдыбай келіп, өз таңдауын жасады.

 

Қарияның айтуынша, қарастырылып отырған мәселе еліміздің алдағы даму бағыты үшін аса маңызды.

 

-Мемлекет әрбір азаматтың өз таңдауын жасауына барлық жағдай жасап отыр. Сондықтан белсенді азаматтық ұстаным таныту баршамыз үшін маңызды міндет, - деді ақсақал.

 

Жастарға үлгі көрсеткен қария бұл саяси науқанның ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтіп, аудан жастарын маңызды саяси науқанға қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT