Алғашқы дауыс берген ақсақал жастарға үлгі көрсетті

Бүгін таңғы сағат 07:00-де №9 жалпы орта білім беретін мектепте орналасқан №97 референдум учаскесінде жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумға дауыс беру басталды. Алғашқылардың бірі болып 85 жастағы аудан тұрғыны Дүйсеәлі Қалдыбай келіп, өз таңдауын жасады.

Қарияның айтуынша, қарастырылып отырған мәселе еліміздің алдағы даму бағыты үшін аса маңызды. Референдум өткізу қоғам пікірін ескеруге және ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

-Мемлекет әрбір азаматтың өз таңдауын жасауына барлық жағдай жасап отыр. Сондықтан белсенді азаматтық ұстаным таныту баршамыз үшін маңызды міндет, – деді ақсақал.

Жастарға үлгі көрсеткен қария бұл саяси науқанның ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтіп, аудан жастарын референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT