Жылыой ауданындағы №259 сайлау учаскесінде алғаш рет дауыс берген жастардың бірі – 18 жастағы Аяулым Серік. Ол бүгін өз таңдауын жасап, азаматтық борышын орындады.
- Бүгін алғаш рет дауыс беріп отырмын. Бұл мен үшін қуанышты әрі жауапты күн. Өз таңдауымды жасап, азаматтық борышымды орындағаныма қуаныштымын, – дейді жас сайлаушы
18 жастағы Аяулымның алғашқы таңдауы – оның азаматтық өміріндегі маңызды қадамдардың бірі болды. Жастардың сайлауға белсенді қатысуы – ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі.
А. Мейрамбайқызы



