Жылыой ауданы прокуратурасының үйлестіруімен алаяқтық қылмыстарының алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.
Алаяқтықтың алдын алу – құқық қорғау органдарымен қатар, әрбір азаматтың қырағылығына байланысты.
Қазіргі таңда алаяқтар азаматтарды алдаудың түрлі тәсілдерін қолдануда. Соның ішінде телефон қоңыраулары, әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстар арқылы жалған ақпарат таратып, азаматтардың жеке мәліметтері мен қаражатын иемдену жағдайлары кездеседі.



