Ақжан, Ақниет, Бөрте – тектілік, мәдениет, ар-намыс пен тазалықтың нышаны!

Бүгін «таза жан» ұғымын бейнелейтін сұлу Ақжан – өткеннің аңыздары мен бүгінгі құндылықтарын тоғыстырған бейне ретінде жаңа ұрпақты қарсы алады.

Президенттің ат қорасында дүниеге келген қос құлынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақниет пен Бөрте деген есім берді. Жас тұлпарларды тамашалаған Президент олардың желден жүйрік, нағыз тұлпар болып өсуіне ақ тілегін білдірді.

Ақжан – үлкені ретінде кейінгілерге жол бастайды. Егер Ақжан жан тазалығын, үйлесімділік пен Ұлы даланың заманауи келбетін танытса, Ақниет пен Бөрте сол рухтың жарқын болашағының символына айналады.

Бұл оқиғада халқымыздың сан ғасырлық мәдениетінің жалғасы, ұлттық тамыр мен салт-дәстүрге деген терең құрмет, ұрпақтар сабақтастығы айқын көрініс тапқан. Сондықтан Ақжан, Ақниет және Бөрте туралы бұл оқиға тек қазақстандықтардың ғана емес, елімізден тыс жерлердегі жұртшылықтың да шынайы қызығушылығын тудырып отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT