«Ақжайық» резерватында құстардың 292 түрі тіркелген

Күзгі құстар көші-қоны кезінде «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты қанаттылардың аялдап, қоректеніп, күш жинайтын мекеніне айналады.

Мұнда тіркелген құстардың 36 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

Резерват орнитологы Илья Бофоновтың айтуынша, көктемгі және күзгі көші-қон кезеңінде аумақта үйректер, шүрегейлер, қаздар мен аққулар жиі кездеседі.

 

Экологиялық туризмді дамыту мақсатында резерват аумағында төрт туристік маршрут әзірленген. Олар – «Табиғат әлемі», «Дала әлемі», «Құстар жұмағы» және «Су әлемі». Бұл бағыттар арқылы келушілер өңірдің табиғи байлығымен танысып, құстарды табиғи ортасында бақылай алады.

 

Резерватқа туристік мақсатта бару немесе әуесқой-спорттық балық аулау үшін жолдаманы Атырау қаласы, Зейнолла Қабдолов көшесі 10 мекенжайынан алуға болады. Жолдама құны жыл сайын айлық есептік көрсеткішке байланысты өзгеріп отырады.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT