Ақкиізтоғайлықтар дауыс беруден қалыс қалмауда

Елімізде өтіп жатқан республикалық референдум аясында Жылыой ауданындағы дауыс беру учаскелерінде саяси науқан қалыпты әрі заң талаптарына сәйкес жүргізілуде. Соның бірі – Ақкиізтоғай ауылында орналасқан №108 референдум учаскесі. Аталған учаскеде дауыс беру барысын қоғамдық бақылаушылар да қадағалап отыр. Солардың қатарында “Дауыс” өңірлік коалициясының бақылаушысы Жанбота Аманжолова бар. Оның айтуынша, түскі уақытқа дейін референдум учаскесінде заң талаптарын бұзу деректері тіркелмеген.

    Бақылаушы дауыс беру процесі ашық әрі талапқа сай өтіп жатқанын, учаске комиссиясы өз жұмысын белгіленген тәртіпке сәйкес ұйымдастырғанын атап өтті. Жалпы, №108 референдум учаскесінде бүгін 800-ге жуық адам дауыс береді деп жоспарланған. Тұрғындар маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.

Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT