Абаттандыру талаптары түсіндірілді

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Елтай ауылдық округінде тұрғындарға қоршаған ортаны таза ұстау және тұрғын үйлердің маңайын күтіп ұстау қағидалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында тұрғындарға аулалар мен көшелердің тазалығын сақтау, тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын белгіленбеген жерлерге төкпеу, сондай-ақ абаттандыру талаптарын сақтау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, ауладан тыс жерге жарамсыз автокөліктер мен құрылыс материалдарын орналастырған тұрғындарға заң талаптары түсіндіріліп, тиісті ескертулер берілді.

Тазалық – әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Сондықтан туған жердің көркеюіне үлес қосып, қоршаған ортаны таза ұстауға барша тұрғындарды белсенді атсалысуға шақырамыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT