Абай атындағы облыстық кітапханада өткен өңір активімен кездесу

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Абай облысының жұртшылығымен кездесті.

Мемлекеттік кеңесшімен бірге өңірге Жалпыұлттық коалиция мүшелері – Мәжіліс депутаттары Нұртай Сабильянов, Ерлан Саиров, Нартай Сәрсенғалиев, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі Олжас Сүлеймен және өзге де азаматтар барды.

Сапар аясындағы негізгі іс-шара – Абай атындағы облыстық кітапханада өткен өңір активімен кездесу.

Талқылау жұмысына 500-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, саяси партиялардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, ардагерлер ұйымдарының, бизнесті, білім беру, денсаулық сақтау, спорт салаларының, ғылыми және жастар қауымының өкілдері бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

Референдум 2026