#92 референдум учаскесінде актриса Әйгерім Силықова дауыс берді

Еліміздің тарихында маңызды сәттердің бірі болып есептелетін бүгінгі күні Жастар театрының актрисасы Әйгерім Силықова #92 референдум учаскесінде өз дауысын берді.

Актриса мұндай сәтте болашағы үшін жауапкершілікпен таңдау жасағанын атап өтті. Жастар театрының өкілі ретінде ол шығармашылықпен қатар қоғам алдындағы міндетті де ұмытпайтынын жеткізді. Театр әртісі мәдениеті бар елдің рухы биік, рухы биік елдің болашағы нық деп есептейтінін атап өтті.

— Мен өнер адамымын. Шығармашылықпен қатар қоғам алдындағы міндетімізді де ұмытпаймыз. Еліміз үшін маңызды күні мен де өз дауысымды бердім. Бұл — әр азаматтың борышы. Бүгін Жастар театрының ұжымы референдум учаскесіне келіп, ән орындап, тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйладық, — деді Әйгерім Силықова.

Актрисаның айтуынша, әр азамат өз таңдауын жасай отырып, елдің болашағына үлес қосады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT