ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында теміржол саласында жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар туралы айтты.
Ол теміржол желісінде Достық – Мойынты жобасы аяқталғанын хабарлады. Сондай-ақ Алматы қаласының айналма теміржол жобасы аяқталуға жақын.
«Бұдан бөлек жаңа логистикалық мүмкіндіктер ашатын Мойынты – Қызылжар, Мақтарал – Дарбаза және Аягөз – Бақты теміржол учаскелерінің құрылысы жүруде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2029 жылға дейін 11 мың шақырым теміржол учаскесінде жөндеу жұмыстары жоспарланған»,
— деді Нұрлан Сауранбаев.
📱 @KZgovernment



