2026 жылы Қазақстанда 547,7 мың адам жұмыспен қамтылады

Астана қаласында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева төрағалық еткен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиынға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев және бірқатар ведомство өкілдері қатысты.

Отырыста халықты жұмыспен қамту мәселесі басты назарға алынды. 2025 жылы 2,9 млн сапалы жұмыс орны сақталса, 2026 жылы өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 547,7 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі, цифрландыруды дамыту, еңбек шарттарын жетілдіру және мүгедектігі бар азаматтарды кешенді әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды. Әлеуметтік-еңбек саласын технологиялық жаңғырту да негізгі міндеттердің бірі ретінде белгіленді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT