Қазақстандағы гобелен өнерінің негізін қалаушылардың бірі, суретші Бәтима Зәуірбекова – ұлттық бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнерге өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлға.
Ол Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, көптеген облыстық және халықаралық көрмелердің қатысушысы әрі жеңімпазы.
Бәтима Зәуірбекованың есімі өнерсүйер қауымға Қазақстандағы гобелен өнерінің негізін қалаушы ретінде кеңінен таныс. Ол – еліміздегі гобелен картиналарын жасаған тұңғыш әйел суретші. Оның шығармашылығы қазіргі қазақстандық өнердің дамуына зор үлес қосты.
200-ден астам туындының авторы
Суретшінің шығармашылық мұрасы ауқымды. Бәтима Зәуірбекова 200-ден астам туындының авторы. Олардың қатарында гобелендер, картиналар мен сәндік кенептер, портреттер мен натюрморттар бар.



