Әрекеттен – нәтиже

 Өзіміз тұратын көшенің, ауланың, ауылдың таза болғанын әр адам қалайды.

Бірақ оны тек біреулер жасап береді деп күтпей, өзіміз де атсалысуымыз керек. Осы тұста «Таза Қазақстан» акциясы – қоғамға қажет бастамалардың бірі деп есептеймін. Себебі тазалық мәселесі бәрімізге ортақ. 

Осындай акцияларға қатысқан кезде адамдардың бір мақсатқа жұмылып, бірге жұмыс істегенін көруге болады. Бірі қоқыс жинаса, бірі ағаш отырғызады, енді бірі айналаны ретке келтіреді. Осындай қарапайым жұмыстардың өзі адамдарды ұйымшылдыққа тәрбиелейді деп ойлаймын.

Мен үшін тазалық – адамның мәдениеті мен тәрбиесінің көрсеткіші. Өзіміз қоқыс тастамай, айналамызға ұқыпты қарасақ, арнайы акция өткізудің де қажеті азаяр еді. Сондықтан «Таза Қазақстан» бастамасы тек белгілі бір күндері өткізілетін шара емес, әр адамның күнделікті әдетіне айналса жақсы болар еді. Бұл акцияны қолдаймын. Себебі таза әрі көрікті жерде өмір сүру бәрімізге жағымды. Ең бастысы – табиғат пен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды әрқайсымыз өзімізден бастауымыз керек.

                               

                                                  Салтанат Мұратқызы

                                                       Жеке кәсіпкер

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT