Еліміздің түкпір-түкпірінде Құрылтай депутаттарының сайлауы басталды.
Жылыой ауданында да маңызды саяси науқан аясында сайлау учаскелері өз жұмысын бастады.
Атап айтсақ, Құлсары қаласындағы №94 сайлау учаскесінде таңғы сағат 07:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, жылыойлықтар үшін ресми түрде дауыс беру мүмкіндігі туды.
Айта кетейік, бұған дейін Құрылтай депутаттарының сайлауы 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген еді. Республика бойынша азаматтар жергілікті уақытпен сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін дауыс бере алады.
Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ



