«Таза Қазақстан» акциясы – еліміздегі тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуге бағытталған маңызды бастамалардың бірі.
Қоршаған ортаның тазалығы ең алдымен әр адамның күнделікті мәдениеті мен жауапкершілігіне байланысты.
Тазалық жұмыстарына тұрғындардың белсенді қатысуы көшелердің, аулалардың және қоғамдық орындардың көркеюіне ықпал етеді. Сенбіліктер мен абаттандыру шаралары барысында аумақтар қоқыстан тазартылып, ағаштар мен жасыл желектерге күтім жасалады. Мұндай жұмыстар қаланың сыртқы көрінісін жақсартып қана қоймай, тұрғындардың туған жерге деген жанашырлығын арттырады.
Жанболат Сейітқазиев



