Зорлық-зомбылық – қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі. Ол адамның денсаулығына ғана емес, оның психологиялық жағдайына да үлкен зиян келтіреді.
Зорлық-зомбылық отбасында, мектепте, көшеде немесе қоғамның басқа да орындарында кездесуі мүмкін. Мұндай әрекеттер адамдар арасындағы сыйластық пен сенімді жояды.
Әсіресе отбасындағы зорлық-зомбылық өте қауіпті. Себебі отбасы адамға мейірім мен қауіпсіздік сыйлайтын орта болуы керек. Ал зорлық көрген адам қорқынышпен өмір сүріп, өз ойын еркін жеткізе алмайды. Мұндай жағдай балалардың тәрбиесіне де кері әсер етеді. Зорлық-зомбылықты көріп өскен бала болашақта қатыгез немесе тұйық болып қалыптасуы мүмкін.
Мен зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін адамдар бір-біріне құрметпен қарап, заңды сақтауы керек деп ойлаймын. Қоғамда әділдік пен тәртіп болғанда ғана адамдар өздерін қауіпсіз сезінеді. Сонымен қатар мектептерде, отбасында адамгершілік пен мәдениетке тәрбиелеу маңызды. Әр адам өз ашуын күшпен емес, сабырмен және ақылмен шешуді үйренуі қажет.
Руслан Таңатарұлы
Аудандық перзентхананың акушер- гинеколог, дәрігер- орденаторы


