Зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Зорлық-зомбылық – адамның қауіпсіздігі мен құқығына нұқсан келтіретін келеңсіз құбылыс.

Оның алдын алу үшін отбасында өзара сыйластық, түсіністік пен ашық қарым-қатынас қалыптасуы маңызды. Кез келген мәселені күш қолдану арқылы шешуге болмайды. Әсіресе балалар мен жасөспірімдерге зорлық-зомбылықтың зияны туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуі қажет. Қиын жағдайға тап болған адам үнсіз қалмай, жақындарынан немесе тиісті мамандардан көмек сұрағаны жөн. Зорлық-зомбылыққа бейжай қарамай, оның алдын алуға әр азамат өз үлесін қоса алады.

 

Алия Дарханқызы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT