Зорлық-зомбылық қоғамның дамуына кері әсер ететін ең өзекті мәселелердің бірі. Әрбір адам қауіпсіз әрі жайлы ортада өмір сүруге құқылы.
Сондықтан тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстардың маңызы зор. Бұл бағыттағы түсіндіру кездесулері мен алдын алу шаралары қоғамда зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Әрбір азамат бейжай қалмай, өзара құрмет пен адамгершілік құндылықтарын дәріптеуге үлес қосуы қажет.
Нұрасыл Ауданбеков



