Зорлық-зомбылық – қоғамда орын алмауы тиіс келеңсіз құбылыс. Әр адам өз отбасында және қоғамдық ортада өзін қауіпсіз сезінуге құқылы. Сондықтан отбасындағы сыйластық пен өзара түсіністікті қалыптастыру өте маңызды.
Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін құқықтық сауаттылықты арттырып, зорлық-зомбылыққа бейжай қарамау қажет. Қоғам болып бір-бірімізге қолдау көрсетсек, қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыра аламыз деп ойлаймын.
Айгүл Серікқызы



