Зорлық-зомбылық – бір адамның ғана емес, тұтас қоғамның мәселесі.
Отбасындағы ұрыс-керіс, күш көрсету, қорқыту мен психологиялық қысымның ешқайсысын қалыпты жағдай деп қабылдауға болмайды. Әсіресе, мұндай ортада өсіп келе жатқан балаға оның зардабы ауыр тиеді.
Қоғамда зорлыққа көз жұма қарамай, оған бейжайлық танытпау маңызды. Әр адам өз құқығын біліп, қиын жағдайға тап болған жанға қолдау көрсетуі керек. Зорлықты жасыру немесе «отбасылық мәселе» деп үнсіз қалу – мәселені шешпейді.
Тыныш әрі қауіпсіз орта қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет. Зорлық-зомбылыққа жол бермей, өзара құрмет пен жауапкершілікті қалыптастырудан бастайық.
Айгерим Ұлданова



