ЖЫЛЫОЙДЫҢ КӨРКІ ТАЗА КӨШЕ, ЖИНАҚЫ АУЛА

 

Туған жердің тазалығы – әр тұрғынның жүрегіне жақын болуы тиіс мәселе. Себебі адам өзі өмір сүріп отырған ортаның таза әрі көрікті болғанын қалайды. Осы ретте «Таза Қазақстан» акциясының маңызы ерекше.

Жылыой ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған тазалық жұмыстары жалғасын табуда. Акция аясында аудан аумағын ретке келтіру, көшелерді тазалау, қоғамдық орындарды абаттандыру және қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар қолға алынуда.

Гүлмира Ерғали

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT