Жолдағы қауіпсіздік әрбір жүргізуші мен жаяу жүргінші үшін маңызды. Алайда кейбір жүргізушілер белгіленген жылдамдықты сақтамай, өз өмірі мен өзгенің өміріне қауіп төндіреді.
Жылдамдықты асыру жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Бір сәттік асығыстық орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Сондықтан жол қозғалысы ережелерін сақтау – әр жүргізушінің азаматтық міндеті. Қауіпсіздік талаптарын орындау арқылы көптеген қайғылы жағдайлардың алдын алуға болады. Жылдамдықты шектеу белгілері кездейсоқ қойылмайды, олар адам өмірін қорғау үшін қажет. Әрбір жүргізуші жолда жауапкершілік танытып, жылдамдықты асырмауы тиіс.
Үміт Сайлауова



