Жолдағы жауапкершілік маңызды

Жол қозғалысы ережесін сақтау – әр жүргізушінің міндеті.

Жылдамдықты шамадан тыс арттыру, қарсы бағытқа шығу, көлік жүргізу кезінде телефонға алаңдау сияқты әрекеттер жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін. Әсіресе мас күйінде көлік басқару – өз өміріне ғана емес, жолдағы басқа адамдардың қауіпсіздігіне де үлкен қатер төндіретін құқық бұзушылық.

 

Сондықтан көлік тізгіндеген әр адам жол ережесіне жауапкершілікпен қарап, белгіленген талаптарды қатаң сақтауы қажет. Жолдағы тәртіп – ортақ қауіпсіздіктің кепілі.

 

І.Мирасов

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT